ОРАЛ. Тамыздың 30-ы. ҚазАқпарат /Ғайсағали Ералы/ - Тамыздың 30-ында Конституция күніне орай өткізілген Астанадағы әскери шеруді көрудің өзі бір ғанибет болды. Бұл туралы Қазақстан инновациялық және телекоммуникациялық жүйелер университетінің ректоры, техника ғылымдарының кандидаты, облыстық мәслихаттың депутаты Ақсерік Әйтімов мәлім етті,
деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.
Оның айтуынша, бұл Елбасымыз Нұрсұлтан Назарбаев бастаған Қазақстанның абырой-беделінің асқақ екенін көрсетеді. Астанадағы алаң қандай, ондағы адамдар қандай! Бәрі де жарасымды. «Сардар-сарбаздардың сән-салтанатпен сап түзеуі өз алдына, еліміздің жоғары технологияға негізделген қорғаныс қабілетінің биік екенін де көрдік. Шын мәнісінде қазіргі кезде инновация алға шығып отыр. Біз ғылым мен техника жаңалықтарын сәтті қолдана білсек, алар асуларымыз бұдан да шырқау болары сөзсіз», деді ғалым.
Ғайсағали Сейтақ
1980 жылы А. Пушкин атындағы Орал педагогикалық институтын (М. Өтемісұлы атындағы БҚУ) қазақ тілі мен әдебиеті мамандығы бойынша бітірген. Тасқала аудандық «Екпін» газетінде тілші, бөлім меңгерушісі болды. Облыстық «Орал өңірі» газетінде тілшіліктен бас редакторлыққа дейінгі жолдан өтті. «Жайық Пресс» ЖШС бас директорының бірінші орынбасары қызметін атқарды. 2000 жылдан бері Kazinform халықаралық ақпарат агенттігінің БҚО-дағы меншікті тілшісі. Қазақстан Жазушылар және Журналистер одағының мүшесі. Республикалық «Жалын» журналы белгілеген Төлеген Айбергенов атындағы сыйлықтың (1987) және спорт журналистері арасында Сейдахмет Бердіқұлов атындағы сыйлықтың лауреаты (2015). «Ерен еңбегі үшін» медалінің иегері. Халықаралық «Алаш» әдеби сыйлығының лауреаты (2024).