Ерекше атап өтерлігі, парадқа ҚР Қарулы күштерінің тарихында алғаш рет қазақстандық Әскери-әуе күштерінің сапын толықтырған 4 буынына жататын жаңа жоғары маневрлі Су-30СМ жойғыш ұшағы қатысты.
Әскери ұшқыштар ерекше қиын әуе қимылдарын жекелей және топпен бірге көрсету арқылы асқан шеберліктерін паш етті.