Астана қаласы Мемлекеттік сатып алулар басқармасының хабарлауынша, аукционға шығарылған 21 жер учаскесінің 18-і сатылды, жалпы қатысуға114 өтініш қабылданды. Кешегі аукционда сатылмаған 3 жер учаскесі келесі аукционға қалдырылды.
Аукцион ағылшын әдісі бойынша өтті, сатып алынатын заттың бастапқы бағасы алдын ала хабарланған қадаммен көтеріліп, ең жоғары баға ұсынған бір қатысушы қалғанша жалғасады.
Жалпы саудаға 120 жер учаскесі шығарылады, деп хабарлайды astana.kz.
Қосымша ақпарат пен анықтаманы мына телефондар бойынша алуға болады: 7 (7172) 55-01-70, 55-01-71.