«Қазіргі уақытта Астанада 1 536 аула бар. Биыл 160 ауланы жақсартуға 1,4 млрд теңге қарастырылған. Қазір аудан әкімдіктерімен қосымша қажетті соманы жергілікті бюджетті нақтылау кезінде қарастырамыз. Егер қажет болып жатса онда қажеттілікке қарай соманы көбейтеміз. Өйткені қала тұрғындарына жақсы аула - өмір сүру сапасын арттыру үшін маңызды жағдайлардың бірі», - деді Әсет Исекешев.
Сондай-ақ, биылғы жылы тұрғын үй ғимараттарындағы лифтілерді де ауыстыру жұмыстары жалғастырылды. Бұл үшін бюджеттен 260 млн теңге қарастырылған. 2017 жылы әкімдік тұрғын үйлердегі 96 проблемалы лифтілерді ауыстырды.