Астанадағы ауыл шаруашылығы жәрмеңкесінде 100 тоннадан астам өнім ұсынылады

None
АСТАНА. ҚазАқпарат - Алдағы демалыс күндері (29-30 тамыз) Астана қаласында "Мега" ОСО алдындағы алаңда Жамбыл облысы тауар өндірушілерінің кезекті ауыл шаруашылығы жәрмеңкесі өтеді. Қала тұрғындары мен қонақтары азық-түлік өнімдерін арзан бағамен сатып ала алады, деп хабарлады Астана қаласы әкімдігінің ресми порталы.

Астана қаласы Ауыл шаруашылығы басқармасының хабарлауынша, бұл жәрмеңкеде Жамбыл облысы тауар өндірушілері 100 тоннадан астам азық-түлік өнімін ұсынады.

Жәрмеңкедегі тауар бағалары нарықтағы бағадан 15-20% арзан болады. Мысалы, сарымсақтың бір килограмы 40 теңге, картоп 55 теңге, қарбыз 25 теңге, қант - 150 теңгеден сатылады.

Жамбыл облысы тауар өндірушілерінің ауыл шаруашылығы жәрмеңкелері қыркүйектің 22 дейін жалғасады.