Бұл туралы бүгін Ішкі істер департаментінде өткен баспасөз мәслихатында мәлім болды.
«Қылмыстық іс ҚР Қылмыстық кодексінің 188-бабын негізге ала отырып «отпен немесе қауіптілігі аса жоғары басқа да заттарды абайсыз қолдану салдарынан жойғаны немесе бөтеннің мүлкіне зақым келтіргені» фактісі бойынша қозғалды», - дейді Астана қаласы ІІД баспасөз хатшысы Нұрділдә Ораз.
Естеріңізге сала кетейік, сейсенбіге қараған түнде Астана қаласы Шынтас көшесінде автокөлік жарылысы орын алып, кейіннен оның ішінен екі ер адамның мәйіті табылған болатын. ІІМ тарапынан аталмыш факті бойынша «оқиғада террористік акті белгілерінің жоқтығы куәландырылғандығы» хабарланған болатын.