Астанадағы баламен бірге жүруге жарамсыз тротуарлардың тізімі жасалды

АСТАНА. ҚазАқпарат – «Жаңа Адамдар» жастар қозғалысы Астанадағы баламен бірге жүруге жарамсыз тротуарлардың тізімін жасады, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

Қозғалыс белсенділері қаладағы қауіпті учаскелерді анықтау үшін арнайы акцияға шыққандарын бұған дейін жазған едік.

Соның аясында баласын арбамен таситын аналардың басындағы проблеманы түсіну үшін әлеуметітк экспермиент жасады. Қала тұрғындары жастардың батамасына үн қатып, әлеуметтік желі арқылы елордадағы қолйсыз троутарлардың нұсқап, 100-ден астам мекенжай жолдаған екен. Соның бәрінде әлеуметтік эксперимент жасаған қозғалыс белсенділері апаттық жағдайдағы 35 учаскені жеке белгілепті.

Қозғалыс белсендісі Арлен Таңатұлы апатты орындардың тізімі мен проблеманы шешуді талап еткен өтініш хатты Астана әкімдігіне тапсырды.

«Біз қалалардың адамға қауіпті болуына жол бере алмаймыз. Тротуардың сапалы болуы, дұрыс төселуі жаяу жүргіншілердің қолайлы қозғалысына ғана емес қауіпсіздігіне де керек. Мемлекет басшысы елдегі қалалардың бәрін, әсіресе Астананы тұрғындарға барынша жайлы ету маңызды екенін айтып жүр. Мұнымен келіспеу қиын. Шынында да біздегі қалаларлың осал тұстары көп. Ол кемшіліктерді біріксек қана түзей аламыз», - дейді Арлен Таңатұлы.