Астанадағы балет кешінде көрермен назарына ХIХ-ХХ ғасырлардағы танымал шығармалар ұсынылады

АСТАНА. ҚазАқпарат - 28 қаңтарда елордадағы Бейбітшілік және келісім сарайының сахнасында «Астана Балет» театры «Ғасырдан ғасырға» атты классикалық хореография кешін ұсынады.

Би өнерінің үш ғасырын қамтитын екі бөлімді балет кешінің бағдарламасын «Корсар» балетінен «Жаңғырған бақ» көрінісі және Михаил Фокин мен Анна Павлова қойған хореографиялық миниатюралар құрайды. Әйгілі хореограф Мариус Петипаның Аданның «Корсар» балетіне қосымша Лео Делибтің музыкасына орындалатын «Жанғырған бақ» атты қойылымы - версальдің сән-салтанатты парк ансамбльдерінің арасында болып, жұмақта нағыз рахаттануды бастан кешетін ғажайып сұлулыққа толы би көрермен көзайымына айналары сөзсіз. Аталмыш кеште көпшілік назарына дарынды бишілердің орындауында ХIХ-ХХ ғасырлардағы танымал шығармалар ұсынылатын болады, деп хабарланған Астана әкімдігінің ресми сайтында.