Астанадағы бес қабатты үйдің терезесінен үш жасар бала құлады

АСТАНА. ҚазАқпарат - Үш жасар бала Астанадағы бес қабатты үйдің терезесінен құлап кетті.

«2013 жылы туған, бес қабатты тұрғын үйде ата-ана қарауынсыз қалған ұл 5 қабаттың терезесінен құлап, ауруханаға түсті», - деп хабарлайды ҚР ІІМ Төтенше жағдай комитетінің баспасөз қызметі.

Астана қаласы ТЖ департаментінің мәліметтеріне сәйкес, оқыс оқиға дүйсенбі күні 1 тамызда болған.  ҚР ІІМ Төтенше жағдай комитетінің ресми өкілі Руслан Иманқұловтың айтуынша, баланы №2 қалалық балалар ауруханасына жатқызған. Аурухана бала жағдайына қатысты ешқандай түсініктеме берген жоқ.