Астанадағы BIG Шанхай базарында өрт болды

None
АСТАНА. ҚазАқпарат - Астаналық өрт сөндірушілер «BIG Шанхай» базарында өртті сөндірді, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі ҚР ІІМ Төтенше жағдайлар комитетіне сілтеме жасап.

"Бүгін сағат 13:30-да Астана қаласының «BIG Шанхай» базарында өрт шыққаны туралы хабар келіп түсті. Оқиға орнына жеткен өрт сөндірушілер қойманың шатыры мен құрылыс материалдарының отқа орнағанын анықтады", - деп жауап берді ТЖ комитетінің өкілі Руслан Иманқұлов ҚазАқпарат тілшісінің сауалына.

 

Өртті сөндіруге жеке қүрамнан 40 адам жəне 10 дана арнайы техника жұмылдырылған.

 

Комитет өкілінің хабарлауынша, тілсіз жау 13:56-да ауыздықталған жəне 14:07-де толық сөндірілген.

 

Қаза тапқандар мен жарақат алғандар жоқ.