Бұл туралы Қазақстанның Сауда-өнеркәсіп палатасының (СӨП) баспасөз қызметінен хабарлайды.
«Словениялық бизнес-делегация құрамына жобалау және құрылыс, фармацевтикалық өнеркәсіп және медицина, тамақ өнеркәсібі, IT-технология, логистика, энергетика, туризм және басқа да салаларға мамандандырылған 40-қа жуық ірі словен компаниялары кіреді. Қатысушылар тізімінде 70-тен астам қазақстандық компаниялар, олардың ішінде «Кегок» АҚ, «Қазинжиниринг» ЖШС, «Самұрық-Энерго» АҚ, «КТЖ» АҚ, «СК-Фармация» ЖШС, «НИТ» АҚ және басқалары бар», - делінген хабарламада.
«Форум шеңберінде Қазақстан және Словен компанияларының B2B форматындағы екіжақты келіссөздері өтеді. Шетелдік қонақтар бірқатар баяндамалармен сөз сөйлеп, тұсаукесерлер өткізеді. Атап айтқанда, Словения мемлекеттік агенттіктерінің және Сауда-өнеркәсіп палатасының өкілдері елдегі бизнес-климат, инвестициялық мүмкіндіктер және Словения экономикасы туралы ақпараттандырады.
Мұнымен қатар, форум барысында, «Kaznex Invest» АҚ және «Самұрық Қазына» Ұлттық әл-ауқат қоры» АҚ өкілдері сөз сөйлейді, сондай-ақ қазақстандық компаниялардың басқа да басшылары қатысады деп күтілуде», деп хабарлайды СӨП баспасөз қызметінен.
Қазіргі уақытта Қазақстанда Словения бизнесмендерінің қатысуымен 19 кәсіпорын (оның ішінде 8 бірлескен кәсіпорын, 100% словен капиталының қатысуымен 11 кәсіпорын) тіркелгенін еске саламыз. Аталған компаниялар сауда, автокөлік және үйде қолданылатын бұйымдарды жөндеу, жылжымайтын мүлік операциялары, өңдеу өнеркәсібі кәсіпорындарына арнайы қызмет көрсету салаларында жұмыс істейді.