Бірінші раунд көрсеткендей, екі боксшы да мықты техникаға ие. Қысқа джэбамдер дәл соққы жасап, уақтылы сырғып кетуден екеуі де шебер болып шықты. Ұрымтал сәттердің бірінде қазақстандық боксшы қарсыласының жағы тұсынан керемет соққы өткізгендей болған. Алайда Рагимов есін жинап алған соң боксшылардың «биі» қайта жалғасты. Өз кезегінде әзербайжандық боксшы да соққы беру жағынан құр алақан емес екенін дәлелдеді.
Екінші раунда боксшылардың бір-біріне жасаған қарымта соққысымен басталды. Өз алаңында жүрмегенін сезгендіктен бе, әзербайжандық бір соққыға бірнеше соққымен жасап беруге тырысып бақты. Алайда сермеген жұдырықтарының көбі ауаны «қауып» жатқан еді. Ал қазақ боксшысы болса, сабырлы да сауаты қимылымен қарсыласын шаршату әдісіне басымдық берді.
Үшінші раундта Айдын Елжанов айқасты уақытынан бұрын аяқтауға барын салды. Алайда қарсыласының қолының ұзындығы бұған мұрсат бермеген еді. Қулыққа да басып көрген Айдын қарсыласына едәуір жақындап, тәуекелге де барып жүрді.
Ақыры айқас нокаутсыз аяқталды. Төрешілердің бірауыздан қабылдаған шешімімен Айдын Елжанов жеңіске жетіп, кәсіпқой бокста бесінші рет жеңіс туын желбіретті.
Еске сала кетсек, Шүменов пен Алтынкай айқасының ардеркартында қазақ боксшылары төрт жеңіске нокаут арқылы қол жеткізген болатын.