«22 қаңтардан 23 қаңтарға қараған түні 1053 техника мен 211 жұмысшы қала көшелерін қардан тазартты. Бұл түні 27 485 текше метр қар шығарылды, ол үшін 2 290 рейс жасалды», - деп хабарлады елордалық әкімдіктің баспасөз қызметі.
Бүгін 23 қаңтарда қар тазалау жұмыстарына 1 127 техника мен 1700 жол жұмысшысы тартылды. Жалпы осы уақытқа дейін 182 649 рейспен 2 191 788 текше метр қар шығарылған.
Сондай-ақ, 23 қаңтар күні таңғы 8.00-де қалалық төтенше жағдайлар департаментінің Жедел штабы құрылған.
Сағат 15.00-дегі жағдай бойынша: елордалық ТЖД құтқарушылары 27 адамды қар құрсауынан құтқарды, 21 жеңіл автокөлік пен 1 автобус сүйреп шығарылды. Құтқару жұмыстары жалғасуда.
Бұған дейін Нұр-Сұлтан қаласының әкімі Алтай Көлгінов елорда көшелерін қардан тазарту үшін қосымша техника алу қажеттігін айтқан еді.