Астана қаласы әкімдігінің мәліметінше, Брусиловский көшесін күрделі аясында Жәнібек тархан көшесінен Абай даңғылына дейін қазіргі кезде инженерлік желілерді салу бойынша жол құрылыс жұмыстары жүріп жатыр.
Осыған байланысты алдағы жұма күні, яғни 8 маусымда сағат 21:00-ден бастап Брусиловский және Кенесары көшелерінің қиылысында жол жабылмақ. Бұл жерде көлік қозғалысы 11 маусымда тиісті жұмыстар атқарылғаннан кейін жанданатын болады.
Қоғамдық көліктердің қозғалысындағы өзгерістерге тоқталатын болсақ, №9 және №37 автобустар Кенесары - Жұбанов - Иманов - Бейсеков - Кенесары көшелерімен жүреді.
Ал №8, №13, №22, №40, №106, №129 қоғамдық көліктер Кенесары - Жұбанов - Абай - Сембинов көшелерімен қозғалмақ.