Астанадағы бүгінгі жәрмеңкеде 800 тоннаға тарта ауыл шаруашылығы өнімдері сатылады

АСТАНА. 12 қазан. ҚазАқпарат - Бүгін Астана қаласының орталық алаңында Батыс Қазақстан және Атырау облыстарының ауыл шаруашылығы өнімдері жәрмеңкесі ашылады.

Жәрмеңкеде 800 тонна өнім сатылғалы отыр. Атап айтқанда, Батыс Қазақстан облысы 700 тоннаға жуық өнім алып келді. Оның жалпы құны - 150 млн. теңге. Аймақтың 12 ауданы ет, қартоп, пияз, сәбіз, қызылша, қырыққабат, балық, қымыз бен сү өнімдерін сатпақ. Ал Атырау облысының кәсіпкерлері жеті ауданның атынан келіп отыр. Олардың өнімі 80 тоннаны құрап, 40 млн. теңгеге бағаланды. Барлық тауарлар нарықтық бағадан 10-20 пайызға арзан сатылады.