Астана қалалық қылмыстық іздестіру полициясы бөлімшесінің инспекторы Ә. көліктің мемлекеттік нөмірін шығарып алып, оны қайтару үшін ақшалай сыйақы талап еткен. Алайда жүргізуші сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес қызметіне хабарласқан.
Астана қаласының №2 Алматы аудандық сотының үкімімен Ә. ҚР ҚК-нің 366 бабы, 2 бөлігінде көрсетілген қылмысқа кінәлі деп танылып, оған 2 млн-нан астам теңге көлемінде айыппұл салынды. Сондай-ақ ол енді өмір бойы құқық қорғау органдары мен мемлекеттік қызметте еңбек ете алмайды.
Үкім заңды күшіне енген жоқ.