Астанадағы дауыл: «Думан» қонақ үйінің витражды терезелері сынды

None
АСТАНА. ҚазАқпарат - ҚР Ішкі істер министрлігінің Төтенше жағдайлар комитеті Астанадағы қатты дауыл мен бұршақты нөсер салдары туралы баяндады.

«Астанадағы желдің ұйытқып соғуынан ҚР Ұлттық музейінің қасбетіндегі тақталар құлады. Қаладағы жеке үйдің және Мичурин кентіндегі №3 мектептің шатырына зақым келді. Қолайсыз ауа райынан зардап шеккен адамдар туралы ақпарат 112 қызметіне келіп түскен жоқ», - деп мәлім етті ҚР ІІМ Төтенше жағдайлар комитетінің ресми өкілі Руслан Иманқұлов.



Айта кетейік, бүгін түсте елордада қатты дауыл соғып, бұршақ аралас нөсер жауды. Салдарынан Алматы-Түркістан көшелерінің қиылысында кран құлап, тұрғындар «пирамида» атап кеткен Бейбітшілік және келісім сарайының әйнектері сынды. «Думан» қонақ үйінің холындағы витражды терезелер шағылды. Тұрғын үйлер мен ғимараттардың сыртқы қаптамалары, соның ішінде кірпіштер көкке ұшты. Жол жиегіндегі бетонды діңгектер құлады. Салдарынан қаланың әр ауданындағы тұрақтарда көптеген автокөлікке зақым келді.

Қазір табиғаттың тосын мінезінен зардап шеккен адамдардың бар-жоғы анықталуда. 

Бұған дейін, Қазгидромет Қазақстанның басым бөлігінде жауын жауатынын ескерткен еді. 

В вестибюле отеля «Думан» выбило все стекла. #а98

Публикация от Astanovka 98 (@astanovka98) 22 Май 2018 в 1:28 PDT