Астанада демалыс күндері көшпелі бұлт шығады, жауын-шашын болмайды. Түнде ауа температурасы -8-6°C, күндіз 2;0°C шамасында болуы ықтимал.
Сенбі күні елордада күн ала бұлтты, жауын-шашынсыз болады. Батыстан 5-10 м/с жылдамдықпен жел соғады. Түнде ауа температурасы -6;-8°C, күндіз 0; 2°C шамасында болады.
«Жексенбі күні көшпелі бұлт шығады, жауын-шашын жаумайды. Батыстан 3-8 м/с жылдамдықпен жел тұрады. Түнде ауа температурасы -6;-8°C, күндіз 0 градус шамасында»,- деп болжайды синоптиктер.