Оған 4 мыңнан астам қатысуда.
Биылғы фестиваль жаппай жүгіруден басталды. Оған қатысқан 4 мыңнан астам адам Жұмабаев көшесімен екі шақырымдай жүгіріп, «Жерұйық» саябағында жиналды. Бұл жерде олар волейбол, арқан тарту, армреслинг және эстафета сайыстарына қатысып жатыр. Ал «Денсаулық қалашығында» дәрігерлерден тегін кеңес алып, денсаулықты тексеріп шығуға болады. Акция аясында қазақ эстрадасы жұлдыздарының гала-концерті мен жарыс жеңімпаздарын марапаттау рәсімі өтеді.
Іс-шараның ұйымдастырушылары - Астана қаласының әкімдігі, Денсаулық сақтау басқармасы және Салауатты өмір салтын қалыптастыру орталығы.