Астанадағы дөнер дүңгіршегінде болған өрт түсірілген видеоны куәгерлер жіберді
19:10, 23 Қараша 2016
АСТАНА. ҚазАқпарат - Астанада Абылай хан даңғылындағы «Встреча» сауда үйі маңайында дөнер дүңгіршегі өртке оранған, деп хабарлайды «ҚазАқпарат» ХАА.
«Дөнер дүңгіршегіндегі газ баллоны жарылған.Алдын ала деректерге сүйенсек, қаза тапқандар жоқ. Зардап шегушілердің бар-жоғы анықталуда. Өрт сөндірілгені жайлы ақпарат әзірге түспеді», - деп хабарлайды Астана қалалық төтенше жағдайлар департаменті баспасөз қызметінің басшысы Аягөз Фазылова.