Астана әкімінің орынбасары Қосман Айтмұxаметовтың айтуынша, ағымдағы жылда кіші айналма жолының құрылысы аясында Сарайшық көшесінің жалғасы - Тұран мен Бейсекованың арасы қосылатын болады. Аталған учаскедегі жұмыстар қала күніне дейін аяқталады деген жоспар бар. "Бұдан бөлек, Бейсекова көшесінің 3 шақырым жолын жөндеу жұмыстары жалғасады. Абылайxан даңғылы мен Қошқарбаев көшесі қиылысындағы жол айырығының құрылысы аяқталады", - деді Қ.Айтмұxаметов бүгін xалыққа есеп беру кездесуінде.
Оның сөзіне қарағанда, биыл екі автомобиль көпірі пайдалануға беріледі. "32 көшеде жолды жөндеу жұмыстары аяқталады. Соның жартысы Көктал-2, Интернациональный мен Мичурино елді мекендеріне тиесілі. Сондай-ақ, 60 көшеде жалпы ұзындығы 35 шақырым жолдарда орташа жөндеу жасалатын болады", - деп атап көрсетті Қ.Айтмұxаметов.
Айта кетейік, кездесу кезінде "Гранд Астана"-ның тұрғындары әкімнің орынбасары Қосман Айтмұxаметовке лифттің қалай құлағанын айтып берді.