Астанадағы екі құрылыс салушыға халықаралық іздеу жарияланды

None
АСТАНА. ҚазАқпарат - Астана қаласының ішкі істер департаменті құрылыс салушылар - «Taurus LTD 2011», «Turan Com LTD 2011» және «Spec Story Tehnolegy» ЖШС компанияларының басшылары Мұрат Бөлеков пен Әлия Виляхуноваға халықаралық іздеу жариялады.

Полицияда түсіндіргендей, Мұрат Бөлеков пен Әлия Виляхунова инвесторлардан «Golden Taurus», «Марсель» ТК-нің құрылысына арналған ақшалай қаражаттарын алдап жинап алып, өздеріне сеніп тапсырылған аса ірі көлемдегі ақшаны жұмсап қойған.

«Қазіргі уақытта Астана қалалық ІІД-нің тергеу басқармасы ҚР ҚК-нің «алаяқтық» бабы бойынша тергеу амалдарын жүргізіп, осыған байланысты салушылар Бөлеков пен Виляхунованың әрекеттерінен зардап шеккен азаматтарды Астана қаласының ІІД-не хабарласуды сұрайды. Мекен-жайы: Бейбітшілік көшесі, 19, 342 каб.,  тел. 71-63-41, 8707-900-88-18», - деп хабарлады ІІД-нің баспасөз қызметінен.