Полицияда түсіндіргендей, Мұрат Бөлеков пен Әлия Виляхунова инвесторлардан «Golden Taurus», «Марсель» ТК-нің құрылысына арналған ақшалай қаражаттарын алдап жинап алып, өздеріне сеніп тапсырылған аса ірі көлемдегі ақшаны жұмсап қойған.
«Қазіргі уақытта Астана қалалық ІІД-нің тергеу басқармасы ҚР ҚК-нің «алаяқтық» бабы бойынша тергеу амалдарын жүргізіп, осыған байланысты салушылар Бөлеков пен Виляхунованың әрекеттерінен зардап шеккен азаматтарды Астана қаласының ІІД-не хабарласуды сұрайды. Мекен-жайы: Бейбітшілік көшесі, 19, 342 каб., тел. 71-63-41, 8707-900-88-18», - деп хабарлады ІІД-нің баспасөз қызметінен.