Астана қаласы әкімі баспасөз қызметі мен astana.kz ақпараты бойынша, елордадағы экологиялық айлық аясында қала аумағын санитарлық тазарту, көшелерді, жаяусоқпақтарды сыпыру, Есіл, Ақбұлақ және Сарыбұлақ өзендерінің арнасын қоқыстан және басқа да тұрмыстық қалдықтардан тазарту, арықтар мен кәріздерді тазарту жұмыстары жүргізіледі. Сондай-ақ гүлзарлар мен гүлзарлар алаңдарын абаттандыру, қары кеткен аумақтарды қопсыту және басқа да шаралар жүргізіледі.
7 сәуірден 7 мамырға дейін өтетін экологиялық айлық кезеңінде «Астана қалалық жарық» ЖШС, «Елорда-Жарнама» ЖШС, «Астана Жылутранзит» АҚ, «АстанаГазҚызмет» ЖШС, «Астана АЭК» АҚ, «Астана Су арнасы» МКК, «ССТ Лайтинг» ЖШС коммуналдық кәсіпорындары нысандарды жаңғыртып, қалпына келтірмек, ал «Астана Зеленстрой» АҚ қаланы көгалдандырумен айналысады.
Жалпықалалық сенбілік кезінде оған 90 000-ға жуық адам, 8 500 кәсіпорындар мен ұйымдар, 170 оқу орындары, 360 КПИК, қатысуы күтіледі, бұл жұмыстарға 450 бірлікке жуық техника жұмылдырылмақ. Сонымен бірге, биылғы жылы сенбілікте 2 700 көшеттер, оның ішінде «Алматы» ауданында - 1 000 ағаш (Қалдаяқов және 46-көшелерде), «Есіл» ауданында - 1 500 ағаш (Жәнібек және Керей хандар көшелерінде, Тұран даңғылынан Еңбекшілер көшесіне дейін) және «Сарыарқа» ауданында - 200 ағаш (Тілендиев көшесінде) отырғызу жоспарлануда.
***
Біздің бүгінгі фоторепортажымыздың кейіпкерлері - қаламызға көктемді жақындатып, ерекше жайлылық ұялатып, қала тұрғындарының шуақты көңіл-күйін келтіруге жан аямай еңбек етіп жүрген адамдар. Бұлар - ПИК және қалалық коммуналдық шаруашылықтар қызметкерлері. Олардың қолымен қала келбеті жаңғырып, оның әрбір тұрғынының жан дүниесіне қуаныш нұры ұялайды.
Қалалық саябақтар мен скверлер - жан жадыратар демалыс орындары.
Қуаныш Әлімжанов, 60 жаста. «Міне, көктем де келді! Айнала жаңғырып, гүлге орануда, сондықтан да қала аумағын тазарту қажет. Тазалық - көңілді жадыратады, біз қаланың әрбір тұрғынына көктем тынысын сездіргіміз келеді».
Көктемде ағаштарды «жасандырып» күту қажет. Ал өткен жылғы жапырақтар, бұтақтар қоқысқа әкетіледі.
Александр Плотников, 36 жаста. «Ең бастысы қаланы ластамау - тазалық кепілі, сондықтан қаламыздың әрқашан да жайлы болғанын қадағалаймыз».
Есіл жағалауы. Қала тұрғындарының демалатын сүйікті орны.
Серікбай Байбосынов, 55 жаста. «Мен 25 бес жылдық өтілім бар кәнігі балықшымын. Демалыс күнімді құр жібермей Есіл жағасында өткіземін. Кейде балықпен бірге, целлофан орамалар мен пластмасса бөтелкелері де ілігеді. Сондықтан да өзенді әртүрлі қоқыстардан да тазартуға тура келеді». Ислам Цулоев, 23 жаста. «Біз орындықтарды сырлап, демалушыларға жайлы болуын қалаймыз. Ал қала тұрғындарымен әдемі».
Орындықтар отырып демалатын орын ғана емес, қалаға көрік беретін жиһаз деуге болады, оның дизаинымен мамандар айналысады. Жасұлан Аманбаев, 45 жаста. «Егер адамдар тазалық сақтайтын болса, көңіл-күйің де көтеріледі, өмір де сәнді».
Күн жылынған сайын қала көшелеріне күн сайын су шашылып, ауасы да көңіл сергітеді. Астана тұрғындарын, барлық қазақстандықтарды өзінің туған қаласын абаттандыруға шақырамыз. 19 сәуірде - сенбілікке тегіс қатысайық!