Оның айтуынша, «Көк шалғын» жобасы аясында салынатын пилоттық экоүй аз қабатты үй салудың озық технологияларын сынақтан өткізіп, олардың артықшылықтарын көрсетуге мүмкіндік береді. «Сондай-ақ, ғылыми-зерттеу қызметінде бірлескен жобаларды жүзеге асыру алаңы қалыптасады», - дейді М. Жолдасов. Айта кетейік, меморандумға «Самұрық-Қазына» жылжымайтын мүлік қоры» АҚ, «Astana Solar» ЖШС, «ECODOS engineering» ЖШҚ, «ТКШ жаңғырту мен дамытудың қазақстандық орталығы» АҚ, Л.Гумилев атындағы Еуразия ұлттық университеті және «Жасыл» құрылыс жөніндегі қазақстандық кеңес "KazGBC одағы" ЗТБ ұйымдары қол қойды. Ұйымдастырушылардың пікірінше, осы меморандум шеңберінде ұйымдар тұрғын үй құрылысы саласында инновациялық, энергетикалық тиімді, адамға және табиғатқа экологиялық қолайлы технологиялар енгізу жөніндегі жұмыстарда, сондай-ақ аталмыш тақырыптағы ғылыми-зерттеу жұмыстарында өзара әрекеттестік жүргізуге ниетті.
13:53, 25 Ақпан 2014
Астанадағы экоүйлер 2017 жылға дейін салынып бітеді
АСТАНА. ҚазАқпарат - Астанадағы «Көк шалғын» жобасы 2017 жылға дейін салынып бітеді. Бұл туралы бүгін бірнеше ұйымдар арасында «жасыл» технологиялар қолдынылатын тұрғын үй құрылысы саласындағы инновациялық даму жөніндегі ынтымақтастық туралы меморандумға қол қою барысында «Самұрық-Қазына» жылжымайтын мүлік қоры» акционерлік қоғамының басқарушы директоры Мұқан Жолдасов айтты.