Қазақстандық делегаттардың екі күндік іссапары барысындағы екіжақты келіссөздер қортындысы бойынша 2020 жылы Дубайда өтетін көрме мен 2017 жылғы Астанадағы «ЭКСПО» көрмесіне дайындықты бірге жасауға уағдаластыққа қол жеткізілді, деп хабарлайды 24.kz. - Келіссөз барысында БАӘ Астанада өтетін көрмеге қатысатындығын тағы растады. Сондай-ақ виза алуды жеңілдету туралы келісімге келдік. Қазіргі уақытта дипломатиялық қызметтегі адамдар үшін виза жүйесін алып тастадық. Енді Астанада өтетін көрме қарсаңында 30 күн бойы барлық жолаушылар визасыз жүруге құқылы, - дейді ҚР СІМ бірінші орынбасары, «ЭКСПО -2017» комиссары Рәпіл Жошыбаев. Сондай-ақ Астана мен Дубай арасында туристік компаниялардың бірлесе қызмет жасау туралы меморандумға қол қойылды. «Қазақстанға инвестиция салатындай беделді азаматтарды жіберіп, сіздердің көрікті қалаларыңызды тамашалауды ұсынатын боламыз», - дейді Al Khalidiah Tourism компаниясының президенті Сирак Мурадян.
00:05, 15 Қазан 2015
Астанадағы «ЭКСПО-2017» көрмесі қарсаңында қазақстандықтар БАӘ-не визасыз ұша алады
АСТАНА. ҚазАқпарат - Қазақстандықтар «ЭКСПО-2017» көрмесі қарсаңында Біріккен Араб Әмірліктеріне визасыз ұша алады. Осы елге іссапармен барған Сыртқы істер министрінің бірінші орынбасары Рәпіл Жошыбаев шетел билігімен осындай келісімге келді.