«Астанада 1-2 желтоқсан күндері өтетін ЕҚЫҰ Саммиті кезеңінде жедел медициналық жәрдем қызметі қалыпты режимде жұмыс істейтін болады. Яғни, елордада қызмет етіп келген жедел жәрдем бригадалары өздерінің қызметін тоқтатпайды. Бұған қосымша Саммитке қатысушыларға қызмет көрсету үшін 33 бригада бөлінетін болады», - деді Н. Қасымов.
Оның айтуынша, аталған орталықтан ЕҚЫҰ саммитіне 15 бригада бөлініп отыр. Жалпы, қосымша бөлінетін жедел медициналық жәрдем бригадалары қалалық жедел жәрдем стансасы, ҚР Президенті Іс басқармасының медициналық орталықтары және республикалық ұйымдар есебінен қамтылады.
13:39, 05 Қараша 2010
Астанадағы ЕҚЫҰ Саммитіне қатысушыларға қызмет көрсету үшін жедел медициналық жәрдемнің қосымша 33 бригадасы бөлінеді
АСТАНА. 5 қараша. ҚазАқпарат /Қанат Мәметқазыұлы/ - Астанадағы ЕҚЫҰ Саммитіне қатысушыларға қызмет көрсету үшін жедел медициналық жәрдемнің қосымша 33 бригадасы бөлінетін болады. Бұл туралы бүгін «Жедел медициналық жәрдемнің өзекті мәселелері» атты халықаралық ғылыми практикалық конференция барысында «Республикалық жедел медициналық жәрдем ғылыми орталығы» АҚ Бас директоры Нұрлан Қасымов журналистерге берген сұхбатында мәлім етті.