Бұл туралы Фейсбукте Елорда әкімдігінің жанынан Қалалық шешімдер бюросының директоры Дәуір Акремханов жазды, деп хабарлайды ҚазАқпарат.
«Бұл мәселе қалалық биліктің бақылауында тұр. Қазіргі кезде қосымша шаралар қабылданып, жақын арада қалалық қызметтер резервтері есебінен электр энергиясын беру қалпына келтіріледі»,-деп жазды ол.
Еске сала кетейік, 5 ақпанда екі тұрғын үй кешенін («Итальянский квартал» және «Городской романс») электр энергиясымен қамтамасыз ететін 187-үлестіру пунктіне қуат жеткізетін екі жоғары вольтты кабель істен шыққан еді. Апатқа қысқа тұйықталу себеп болған. Бүгінде аталған энергия шаруашылығы және ҮП-187 қалалық желілердің балансында жоқ. Нысандардың иесі - «БазисИнвестСтрой» компаниясы. Кабель желісінің ұзындығы 2,5 шақырымды құрайды
Бүлінген кабельдердің бірнеше бөлігі қалпына келтірілді. Бірақ, қосу кезінде кабель кернеуді көтере алмады. Мамандардың айтуынша, бұған вандалдардың кабельдің мыстан жасалған қабатын шешіп алуы себеп болды. Ол кабельдің жерге қосылуын және тұйықталу жағдайында оның қалыпты жұмысын қамтамасыз етуі тиіс болған.
«Қазір екі шақырым кабельдің мыстан жасалған қабаты жоқ. Қала қызметтері тұрғын үй кешендерінің жалпы қажеттіліктері үшін жедел түрде екі дизельдік генераторлар орнатты (тағы біреуін Базис іске қосты). Осы орайда жылу мен суды жіберуге және лифтерді қосуға мүмкіндік болды»,-деп жазды Акремханов.