Шараны «Kazbrands» қоғамдық қоры «Байтақ болашақ» экологиялық Альянсымен бірлесіп, Астана әкімдігінің қолдауымен ұйымдастырды.
Шараға «Гормолзавод Көкшетау», «Эмиль», «Шин-лайн», «Деп. Қостанай», «Icemaster», сондай-ақ ресейлік, польша, италияндық маркалы «CopaItalia», «Bombino», «Прима мороженое» балмұздақ өндірушілері қатысты.
Фестиваль аясында елорда тұрғындары мен қонақтарына «Тәттіқұмарлар патшалығы» мәдени-сауықтыру бағдарламасы ұсынылды. Онда көрермендер аниматорлардың, әртістердің өнерін тамашалап, балалар аттракциондарда ойнап, ересектерге жанұялық би кеші ұйымдастырылды.
Арнайы фестиваль үшін бие сүтінен жасалған балмұздақ ұсынылды. Бұл «KAZBRANDS» қоғамдық қорынан «Балмұздақ-бренд-2017» номинациясын алған және Астана қаласы әкімінің дипломымен марапатталған Т. Шарманов атындағы Қазақ тамақтану академиясының зертханасында жасалған балмұздақ, - дейді шараны ұйымдастырушылар.
Балалар үйі мен интернаттарының, аз қамтылған отбасыларының балаларына ерекше көңіл бөлініп, оларға балмұздақтар тегін таратылды, сыйлықтар берілді.