Астанадағы финалдық кездесу: Антон Пинчук кубалық боксшыға есе жіберді
17:02, 15 Шілде 2017
АСТАНА. ҚазАқпарат - Елордадағы «Қазақстан» спорт кешенінде Бүкіләлемдік бокс сериясының 7-ші маусымының шешуші айқастары өтуде, деп хабарлайды ҚазАқпарат.
91 келіге дейінгі салмақта шаршы алаңға шыққан Антон Пинчук пен Эрисланди Савонның арасындағы жекпе-жек барынша тартысты өтіп, төрешілердің шешімімен кубалық қабылан жеңіске жетті.
Бұған дейін алғашқы жекпе-жекте Теміртас Жүсіпов пен Йоханус Аргилагос кездесіп, қазақ боксшысының жеңіске жеткенін хабарлаған едік.
Айта кетерлігі, Бүкіләлемдік бокс сериясында «Астана арландары» 2012/2013 жылдары және 2015 жылы екі рет чемпиондық атаққа қол жеткізген болса, «Куба қабылдандары» да 2013/2014 жылдары және 2016 жылы жеңімпаз атанды.