Бұған дейін хабарлағанымыздай, «Астана арландары» сапындағы Теміртас Жүсіпов пен Ілияс Сүлейменов жеңіске жеткенімен, Антон Пинчук, Ділмұрат Мижитов және Әбілхан Аманқұл өз қарсыластарынан жеңіліс тапқан еді. Әзірге есеп кубалықтардың пайдасына - 4:2 болып отыр.
Айта кетерлігі, Бүкіләлемдік бокс сериясында «Астана арландары» 2012/2013 жылдары және 2015 жылы екі рет чемпиондық атаққа қол жеткізген болса, «Куба қабылдандары» да 2013/2014 жылдары және 2016 жылы жеңімпаз атанды.