деп хабарлайды ҚазАқпарат.
Университеттің бас оқу ғимаратында өтіп жатқан ғылыми мәжіліске Қазақстан және Ресейдің ғалымдары мен журналистері - ҚР Журналистер одағының президенті Сағымбай Қозыбаев, Қазақстан халқы ассамблеясы төрағасының орынбасары Ералы Тоғжанов, Ресей халықтар ассамблеясының төрағасы Рамазан Абдулатипов, Ломоносов атындағы Мәскеу мемлекеттік университетінің ғалымы Алексей Власов, Ресей халықтар достығы университетінің профессоры Ұлданай Бақтыгереева және тағы басқалар қатысуда. Алқалы жиында ұлттар арасындағы өзара түсіністік сұхбатын дамыту жолындағы бұқаралық ақпарат құралдарының рөлі мен міндеті талқылануда.