деп хабалайды ҚазАқпарат.
ҚазАқпарат бұдан бұрын хабарлағандай, кеше «Транс-сервис» ЖШС-не қарасты көкөніс қоймаларында болған өрт 14 адамның өмірін жалмап кетті. Олардың төртеуі - Ресей азаматтары. Олар сол шақта тоңазытқыш құрылғыларын орнатып жатқан.
«Өрт кезінде қоймаларда болған азаматтардың бәрі уланудан көз жұмған. Олар өртті өз күштерімен сөндіруге тырысқан көрінеді», дейді В.Божко.