«Президенттің шешімімен, қазір Үкімет қарыз есебінен Қабанбай батыр даңғылын әуежайдан «Рамстор» сауда үйіне дейін қайта жөндеу жұмыстарын бастайды. Даңғыл кеңейтіліп, жолайырық арқылы алты жолақты болады, - деді әкім.
Астана қаласы әкімінің орынбасары Құсман Айтмұхаметов өз кезегінде аталған құрылыс жобасы бойынша қаулы дайындалып жатқанын тілге тиек етті. Қала басшысы бұл жобаны екі жыл көлемінде аяқтауды тапсырды.
«Біз бұл жұмыстарды 2020 жылға дейін аяқтауды жоспарлап отырмыз», - деді қала әкімі.