Астана қаласының көлік және жол-көлік инфрақұрылымын дамыту басқармасының мәліметінше, даңғылдың аталған бөлігі орташа жөндеуден өткізіледі. Осыған байланысты, ағымдағы жылдың 28 қыркүйегі кешкі сағат 21:00-ден 30 қыркүйектің 05:00-ге дейін көрсетілген учаскеде көлік қозғалысы тоқтатылады. Жол жабылады.
Елорда тұрғындары мен қонақтарынан уақытша қолайсыздық үшін кешірім сұрай отырып, кептеліс туғызбас үшін жол қозғалысы бағыттарын алдын ала жоспарлау қажет екенін ескертеміз.