Бүгін Астанада ЕҚЫҰ Саммиті аясында «Қазақстанның бейнелеу өнерінің қазынасы» атты көрме-вернисаждың ашылуы аясында өткен баспасөз мәслихатында Қазіргі өнер мұражайының директоры Нелли Шиврина осы мәселені көтерді.
Оның сөзіне қарағанда, бүгінгі таңда 30 жылдық тарихы бар Қазіргі өнер мұражайының бай әрі құнды мұрағат қоры жинақталып отыр. Бірақ мұражайдағы орын жетіспеушілігіне байланысты аталған қордың туындыларын көрмеге шығару мүмкін емес. «Оған қоса, мұражай бес қабатты үйдің бірінші қабатында орналасқандықтан, көптеген қоммуналдық ақаулықтарға байланысты көрме экспонаттарына нұқсан келуі әбден мүмкін. Сондықтан бүгінде біздің 4 мыңдық шығармалары бар қорымызды, сондай-ақ біздің өнер туындыларын қайта жаңғырта алатымызды ескере отырып, мұражайға бөлек бір ғимарат бөлінуі қажет. Бұл Астананың мәдени өмірінде елеулі оқиға болар еді», - дейді мұражай дирекоры Н.Ширвина.