Астанадағы келіссөздерде (Астана процесі) Сирия делегациясын БҰҰ елдерінің тұрақты төрағасы басқарады

АСТАНА. ҚазАқпарат - Астанада өтетін Сирия жөніндегі келіссөздерге (Астана процесі) Сирия делегациясын БҰҰ-дағы Сирияның тұрақты өкілі Башар аль-Джаафари басқарады, деп хабарлады РИА Новости.

«БҰҰ-дағы Сирияның тұрақты өкілі Башар аль-Джаафари шиеленіс тараптарының арасында Астанада өтетін  Сирия жөніндегі келіссөздерге (Астана процесі) делегацияны басқарады», - деп мәлімдеді дереккөз.

Бұрын осы мәселе бойынша Түркияның қарулы оппозициялық кездесуіне қатысқан Сириялық еркін әскердің дереккөзі РИА Новостиге сириялық оппозицияның қарулы топтары 23 қаңтар күні Астанада өтетін кездесуге қатысуға келісім берген, оппозиция келіссөздерге бір блокпен барады.