Бұл туралы бүгін Астана әкімдігінде өткен дөңгелек үстел барысында «Әділет» тұтынушылар құқығын қорғау одағы төрағасының орынбасары Тұрсын Жақпарова мәлім етті.
Маманның сөзіне қарағанда, Астанадағы дүкендер мен сауда орталықтарының күзет қызметі тұтынушылардың құқықтарын қорғау саласындағы ең басты түйткілдердің бірі болып отыр.
«Тұтынушылардың құқықтарын қорғау саласының ең басты сорымыздың бірі - біздің күзетшілеріміз. Астананың кейбір супермаркеттерінде күзетшілер өте дөрекі. Күзетші деген кім? Ол адамдарға «қабаған иттей» атылып, жұлқылап, сөмкесін ақтару үшін тұрған жоқ, тауарлардың қауіпсіздігін қадағалап отыратын адам болуы шарт», - дейді ол.
«Бұл мәселенің түп-төркіні қайда жатыр?! Себебі біздің күзет компаниялары қызметкерлерді «даладан» алуға мәжбүр», - деп атап өтті Т.Жақпарова.