Астанадағы кездесу жайын Ресей Президентінің арнайы өкілі мен Сирия елшісі талқылады

АСТАНА. ҚазАқпарат - 14 қаңтарда РФ Президенті Таяу Шығыс және Африка елдері бойынша арнайы өкілі М.Л.Богданов Сирия Араб Республикасының Мәскеудегі Елшісі Рияд Хаддадты өз ұсынысы бойынша қабылдады. Бұл туралы РФ СІМ сайты хабарлайды.

Кездесу барысында тараптар Сириядағы және оның айналасындағы жағдайлар бойынша пікір алмасты. Қақтығысты тоқтату режімі Сириядағы  гуманитарлық жағдайды және БҰҰ Қауіпсіздік кеңесінің 2254 резолюциясы негізінде сириялық дағдарысты саяси жолмен реттеуге күш салуды  жеңілдетуге мүмкіншілік беретіндігіне ризашылық білдірілді.

Сонымен қатар, Астанадағы сириялық реттеу жөніндегі халықаралық кездесу өткізу және оған дайындық мәселелері де талқыланды.