Астанадағы «Көктал» кентіне жаңа автобустар қатынайды

АСТАНА. ҚазАқпарат - 16 қарашадан бастап № 71 автобус бағдарының қозғалыс сызбасы өзгереді, деп хабарлайды ҚазАқпарат қала әкімдігінің медиа орталығына сілтеме жасап.

«Көктал-2» ТА - «METRO» гипермаркеті бағыты бойынша жүретін № 71 бағдарында жаңа ыңғайлы «Iveco» маркалы автобустар қызмет көрсететін болады.

Сондай-ақ, № 71 бағдарына үлкен көлемді автобустар қызмет көрсетуіне байланысты, бағдардың жүру сызбасы өзгереді.

«Көктал-2» ТА бастапқы нүктесінен М.Жұмабаев пен Обаған көшелерінің қиылысына дейін өзгеріссіз, ары қарай Жұмабаев көшесімен тура - солға Балқантау көшесіне, одан ары ағымдағы сызбаға сәйкес.

Кері бағытта ағымдағы ұқсас қозғалыс үлгісі бойынша.

Сондай-ақ, 16 қарашадан бастап № 18 бағдары  бойынша автобустар саны 16-дан 20-ға көбейеді, қатынау жиілігі 11 минуттан 9 минутқа дейін қысқарады.