Бұл туралы бүгін Астана мәслихатының 59-сессия барысында қала әкімінің орынбасары Василий Крылов мәлім етті.
«Астанадағы қоқыс өңдейтін зауытқа қатысты. Бүгінде оның құны 32 млн. еуроны құрап отыр. Кеше біз келіссөздер жүргізіп, оның құрылысын аяқтауға қажетті 6 млн. еуроның мәселесін шештік»,-деді В. Крылов.
Зауыт құрылысы 2011 жылдың орта тұсында басталады. Бұның алдында жоспарланғанындай, экоқұрылыс 2010 жылы іске қосылу керек еді. Алайда қаржыландырудың қиыншылықтары себебінен нысан құрылысы кешіктірілді.
Зауытты жобалау барысында Қазақстанның ғылыми-зерттеу ұйымдарында жасақталған ең озық технологиялар мен ноу-хау қолданылды. Аталған зауыт Астана қаласындағы қатты тұрмыстық қалдықтарды азайтып, қала экожүйесін тұрақтандыруға мол әсер береді деп күтілуде. Жетіжүзмыңдық тұрғыны бар мегаполис үшін бұл үлкен технологиялық-экологиялық қадам болмақ. Ол қаладағы қалдықтарды жоюда тиімділікті арттырып, тәулігіне 1 680 тонна қоқыс өңдеп отырады. Кәсіпорын құрылысы елдегі ірі қалалардың экологиялық ахуалы мен мемлекеттің экологиялық қауіпсіздігін қамтамасыз етуге арналған шаралар кешені болып табылатын «Жасыл даму» мемлекеттік бағдарламасының шеңберінде іске асырылуда.