АСТАНА. ҚазАқпарат - 22 тамыз күні таңғы 8-де елордадағы Б.Момышұлы даңғылында болған жол-көлік апатына қатысты тексеру жүргізіліп жатыр. Алдын ала тексеру бойынша, Б.Момышұлы даңғылынан Аманат көшесіне бет алған «Тойота» автокөлігінің жүргізушісі қарсы жолаққа шығып кетіп, «Лада», «Ниссан альмера», «Тойота Rav-4» автокөліктерімен соқтығысқан.
Жол-көлік апатынан 1993 жылы туған «Тойота» жүргізушісі, 1977 жылы туған «Лада» көлігінің жүргізушісі түрлі дене жарақаттарымен ауруханаға жеткізілді. Дәрігерлер 1992 жылы туған «Лада» жолаушысын тексеріп, үйіне қайтарды, деп хабарлайды Астана қаласының ІІД баспасөз қызметі.