Бұл туралы ҚР ТЖМ-нан хабарлады.
Бүгін түнгі сағат 01.02-де Экономикалық-заң колледжінің аумағында орналасқан құрылыс үйшігінде өрт болды. Жалынның шарпыған жалпы аумағы 18 шаршы метрді құрады. Өрт салдарынан 39 жастағы азамат күйік жарақаттарын алып, ауруханаға жеткізілді.
Тілсіз жау 40 минуттан кейін ауыздықталды, онымен күреске ҚР ТЖМ Астана қаласы бойынша ТЖД-ның өртке қарсы қызметінің 14 адамы мен 3 техникасы жұмылдырылды.