Астанадағы Конгресс-Холлда журналистер арасында өткен шығармашылық байқаудың жеңімпаздары марапатталды
Баспа, телевизия және радио күніне орай Астана қаласы әкімдігі мен «Бәйтерек» халықаралық медиа-орталығы жарияланған байқау, Астана күні мерекесі қарсаңында қорытындыланып, жеңімпаздар есімдері «Ән жүрегім - Астана» ән байқауының гала-концерті барысында жарияланды.
Қазақ және орыс тілінде жарық көрген шығармашылық жұмыстар төрт аталым бойынша анықталды. Олар - ең үздік телевизиялық журналист, ең үздік радиожурналист, ең үздік баспа тілшісі, ең үздік журнал тілшісі, ең үздік электрондық бұқаралық ақпарат құралдары, ең үздік фототілші және ең үздік таспагер.
«ҚазАқпарат» Агенттігінің қазақ және орыс тілді тілшілері ең үздік электрондық бұқаралық ақпарат құралдары аталымында жеңімпаз танылды.
Жүзден жүйрік шаққан қаламгерлерге Астана қаласы әкімдігінің дипломдары мен бағалы сыйлықтарын қазақ эстрадасының жарқын жұлдыздары табыс етті.