Астанадағы көшелердің бірі бірнеше күнге жабылады

АСТАНА. Қазанның 21-і. ҚазАқпарат - Елордадағы көшелердің бірі бірнеше күнге жабылады,

деп хабарлайды Жол полициясы басқармасының баспасөз қызметі.

«Қазанның 20-сы сағат 20.00-ден бастап, қазанның 24-іне дейін «Мұңайтпасов көшесін қайта жөндеу» жобасы аясында жылу жүйелерін жөндеуден өткізуге байланысты Абылай хан даңғылы аумағындағы Училищная көшесінде көлік қозғалысына толықтай шектеу қойылады», делінген баспасөз қызметі бейсенбі күні таратқан ақпаратта.

Училищная көшесіне Құдайбердіұлы көшесі арқылы өтуге болады.