Өзбекстан Республикасының азаматы болып табылатын «Хайвилл» ЖШС жұмысшысы 2 метр биіктіктен құлап, әр түрлі жарақаттарымен ауруханаға жатқызылды. Бұл туралы ҚР ТЖМ баспасөз қызметінен хабарлады.
Сондай-ақ, Астана қаласы Алматы ауданында «Хайвилл» ТК-де жаңа салынып жатқан ғимаратта «GIН» ЖШС-ның 21 жастағы инженері белгісіз жағдайларда 3 метр биіктіктен құлап кеткен. Ол да ауруханаға жатқызылды.