Астанадағы құрылыста жұмысшы 2-ші қабаттан құлады - ҚР ТЖМ
14:23, 06 Сәуір 2012
АСТАНА. 6 сәуір. ҚазАқпарат - Астанадағы құрылыста жұмысшы 2-ші қабат биіктігінен құлады, деп хабарлайды ҚР ТЖМ-нің баспасөз қызметінен.
Бейсенбі күні, 5 сәуірде Астанадағы Б.Момышұлы көшесінде салынып жатқан «Ақ шаңырақ» мейрамханасының өндірістік жұмыстарын атқару кезінде «BI GROUP» ЖШС-нің 39 жастағы арматурашысы 2-ші қабаттан құлап, ауруханаға жеткізілді.