Бұл туралы бүгін елордада сапалы құрылыс мәселесі тақырыбына арналған дөңгелек үстел отырысында Құрылыс және тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық комитеті төрағасының орынбасары Николай Тихонюк мәлім етті, деп хабарлайды ҚазАқпарат.
«Басты себеп - бұл нысандарды ешқашан құрылыспен айналыспаған адамдар салды. Олар жеңіл жолмен ақша табу үшін құрылыс жұмыстарын жылдам салуға тырысты. Екіншіден, бұл нысандар ашық күйінде ұзақ уақыт тұрды. Олардың сапа жағдайына 100 пайыздық тексеру жүргізу барысында түрлі заң бұзушылықтар анықталды», дейді Н.Тихонюк.
Астанада үлестік құрылыс нысандарының негізгі бөлігі 2010 жылдың соңына дейін пайдалануға беріледі деп айтуға болады. Астанада бүгінде 21 проблемалық нысан бар. Бүгінгі таңда Астана қаласының проблемалық нысандары «Жаңа құрылыс» ЖШС-і, Алматыда «Алматы әкімдігі аппаратының күрделі құрылыс кәсіпорыны» ЖШС-і күшімен аяқталуда.