Ағымдағы жылдың сәуір айынан бастап қала прокуратурасының үйлестіруімен ішкі істер органдары "Қалта-ұрлықшы" санатындағы есепке алынғандарға қатысты жедел-іздестіру іс-шараларын жүргізуде.
33 ұрлыққа қатысы бар 15 адам қылмыстық жауаптылыққа тартылды.
Қашықтықтан дабыл қондырғыларын сканерлеу арқылы автокөліктерден ұрлық жасаудың 57 фактісін жасаған 9 топ ұсталды.
Ұрланған велосипедтерді, көлік бөлшектері мен магнитолдарды сату орындарын анықтау мақсатында көлік базарларында жедел-іздестіру және алдын алу іс-шаралары жүргізілді.
Көлік аккумуляторларын ұрлаумен айналысқан бір топ адам қолға түсті. Полицияға 723 адам жеткізілген, оның екеуі іздестірілуде болған.
Рейд нәтижесінде шығу тегін сатушылар түсіндіре алмаған 500-ден астам атауы бар қосалқы бөлшектер алынды.
Тұрғын үй кешендерінің аумағында ұрлық жасау мүмкіндігін азайту үшін прокурорлар ішкі істер органдарымен бірлесіп, тұрғындармен және ПИК-нің өкілдерімен үнемі кездесулер өткізуде.
Сондай-ақ, қалалық билікпен қоғамдық көлікті бейнебақылау жүйелерімен жабдықтау бойынша жұмыстар жүргізілуде.
Қабылданған шаралар Астанада ұрлық жасау фактілерін 28%-ға, ал жалпы қылмыс деңгейін 25%-ға төмендетуге мүмкіндік берді.