Еске салайық, М.Әлімбетов «Қыпшақ» тұрғын үй кешенінің құрылысына үлестік қатысу келісімшартын жасай отырып, үлестік құрылыс қатысушыларынан ақшалай қаражаттар алған болатын.
Сонымен қатар, 2008 жылы М.Әлімбетов «Астана қаласының Құрылыс департаменті» ММ-мен «Қыпшақ» ТК-нің аяқталмаған құрылысының нысанына тұрғын үйлерді мемлекеттік сатып алу туралы келісімшарт жасаған. Алайда, оны аяқтамастан, мемлекеттің және үлескерлердің ірі көлемдегі ақшалай қаражаттарын қалтасына басып, елден қашып кеткен.
Алматы ауданының №2-інші аудандық сотының үкімімен М.Әлімбетов жазасын жалпы режімдегі түзету колониясында өтеумен 6 жыл 8 айға бас бостандығынан айырылған болатын. Сондай-ақ оның мүлкі тәркіленіп, оған 3 жылға дейін кәсіпкерлік айналысу құқығына шектеу қойылды.
Сот үкімі заңды күшіне енді.